Өскеменде бірнеше тұрғын үйде пәтерлер салқындап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде бірнеше тұрғын үйде пәтерлер салқындап кетті

02.12.2022

Өскеменде жылу энергия орталығының басшылығы пәтерлердегі температура екі күнде қалыпқа келеді деп отыр. Қазір шаһарда сегіз қазандық пен турбоагрегат штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Орталық басшысының айтуынша 27 қараша күні бір қазандықта ақау пайда болған. Қатты аяздан суды қайта ысытуға да көп уақыт жұмсалды. Салдарынан бірнеше тұрғын үйде пәтерлер салқындап кетті. Мамандар қалыпты жылу берілмеген пәтер иелеріне шығынды қайтару үшін есептеу жүргізіп жатыр.   

Айдын Бексолтан, «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры:

Желілік су айналымы 98 градусқа көтерілген. Сонымен қоса жүйені реттеп, қазіргі уақытта нормативке сай 110 градусқа жеткізу жоспарлап отырмыз. Өткен демалыс күні аяз басталғанда 15-ші қазандық істен шықты. Қатты аяздан қазандықтағы суды жылытуға ұзақ уақыт кетті.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу