Өскеменде көпқабатты үйде балкон опырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде көпқабатты үйде балкон опырылып қалды

19.05.2023

Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы бір пәтердің балконы опырылып әйел адам құлап кетті. Оқиға орнына келген жәдел жәрдем дәрігерлері биіктен құлаған әйелді ауруханаға жеткізді. Абырой болғанда оның ешбір жері жарақат алмаған. Ал балкон құлаған пәтерде тағы бір бала болған. Оны сол маңдағы тұрғындар алып шығып, туыстарына табыстаған. Ал балконның неліктен құлағанын жауапты мекеме анықтайтын болады. Дегенмен Өскеменде 70-80 жыл бұрын салынған әбден тозған көпқабатты үйлер өте көп. 

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу