Қатар-2022: Роналду саударабиялық қос клубтан шақырту алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Роналду саударабиялық қос клубтан шақырту алды

02.12.2022

Криштиану Роналду бастаған Португалия ұжымы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шығып тұр.

Ал дәл осы сәтте, Сауд Арабиялық қос клуб Криштиану Роналдуға таласып жатыр. Бұған дейін «Әл-Насыр» футбол жұлдызына жарты миллиард еуроға дейін төлеуге дайынбыз деп, 2 жарым жылға келісім-шарт ұсынған еді. Енді Португалиялық сұрмергенге «Әл-Халял» клубы да қолқа салып отыр. 37 жастағы Криштианудың көңілінен шығар мұндай қомақты жалақыны бір де бір Еуропалық ұжым ұсына алмасы анық.

Лионель Месси келісім-шартын ұзартады

Ал әлем чемпионаты аяқталған соң Лионель Месси «ПСЖ» мен жаңа келісім-шарт жасаспақ. Шабуылшының Париждік ұжымдағы мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылады. Клуб басшылығы Мессидің бұл маусымдағы ойыны көңілден шықты деп мәлімдеп отыр.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу