Қазақстан Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту алды

28.07.2023

Қазақстан Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Оны Халықаралық Олимпиада комитеті жолдаған. Әлемдік дода келесі жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Спортшылар 32 спорт түрінен сайысқа түседі. Олимпиада ойындарына алғаш рет брейк-данс, спорттық альпинизм, скейтбординг және серфинг сынды бағдарламалар қосылмақ. Еске салсақ, өткен жылы Токиода өткен жазғы Олимпиадада 97 қазақстандық спорттың 28 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде 8 қола медаль жеңіп алды. 


Хабарламаларға жазылу