Президент сапары барысында тағы бір келісімге қол жетті. Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесті.
Президенттің бүгін Парижге сапарының екінші күні. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесті. Ұйыммен ынтымақтастық орнатқалы бері Қазақстан 42 құқықтық құжатқа қол қойды, 37 органының жұмысына қатысады және түрлі салалық құжаттың белсенді мүшесі. Сонымен қатар ұйымның Еуразия елдерінің бәсекеге қабілетін арттыру, жемқорлықпен күрес және жасыл экономиканы дамыту жөніндегі өңірлік бастамаларына белсенді түрде қолдау көрсетеді. Қарым қатынас алда тағы артады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Қазақстан Үкіметі арасында хаттамаға қол қойылды.
Өзара түсіністік туралы меморандум бірлескен бастамалардың ауқымын кеңейтуге жол ашады. Қасым-Жомарт Тоқаев ұйыммен байланыс Қазақстан үшін басым бағыттың бірі екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіздің ұйымыңызбен байланысымызды сақтауға ниеттіміз. Сондай-ақ еліміздің экономикалық дамуына қатысты ұйымның ұсыныстары мен кеңестері үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Сонымен кешелі бері сапар аясында 35 құжатқа қол қойылды. Демек алдағы уақытта екі ел арасында барлық салада байланыс жанданады. Француз тарапы Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан сән салтанатпен шығарып салды.
Асима Нұрбайқызы