Барлық энергетикалық нысандарға аудит жүргізу тапсырылды
Екібастұздағы жағдайдан барлық әкімдер сабақ алуы тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Әрі мұндай апат қайталанбас үшін еліміздегі барлық энергетикалық нысандарға техникалық аудит жүргізуді тапсырды.
Досжан Маратұлы, тілші:
Екібастұздағы жағдай Үкімет отырысында қаралды. Өйткені онда қыс басталмай жатып, жүздеген тұрғын дірдек қағып отыр. Облыс әкімінің айтуынша, қазір қаладағы жағдай әлі мәз емес. 25 көппәтерлі және 100-ге жуық жер үйде жылу жоқ дейді Әбілқайыр Ысқақов.
Әбілқайыр Ысқақов, Павлодар облысының әкімі:
Бұл үйлер жылуды қабылдай алмай отыр. Өз кезегінде жылу желісінде ыстық су бар. Бірақ аталған үйлердегі ішкі жылу жүйесін қалпына келтіруміз керек. Сол үшін қосымша тағы да 23 бриагада тағы басқа қалалардан көмекке келді. Сонымен қатар жылусыз отырған тұрғындарға 1200-ге жуық жылыту құралдары жеткізу ұйымдастырылды
Ал Үкімет басшысы осы Екібастұздағы апаттан барлық әкімдер қорытынды шығаруы керек деді. Әрі Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне дереу апат себебін анықтауды және елдегі барлық энергетикалық нысандарға техникалық аудит жүргізуді тапсырды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Меценаттарға «Жомарт жан» сыйлығы табысталды
18.11.2025, 20:56
«Болашақ – жемқорлыққа қарсы!» байқауының жеңімпаздары марапатталды
18.11.2025, 20:51
Кітап - білім бұлағы
18.11.2025, 20:44
Тоғызқұмалақ олимпиада ойындарының қатарына енуі мүмкін
18.11.2025, 20:31
«Қайраттың» алдағы матчтары Астанада өтеді
18.11.2025, 20:29
Президент қызметте қаза болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
18.11.2025, 20:24
БҚО-да балалар арасында тұмау өршіді
18.11.2025, 20:20
Шымкентте жедел жәрдем бригадалары видеожетонмен жұмыс істейді
18.11.2025, 20:15