Шыңжаң жұрты карантинге қарсылық білдіріп шеруге шықты
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағының халқы ауқымды шеруге шығып, карантиндік шектеулерге наразылық білдірді.
Өңірдің астанасы Үрімші жұрты «Локдаун доғарылсын!» деп ұрандатқан. Олардың айтуынша, осы қатаң шектеулер болмағанда көпқабатты үйдегі өрттен тұрғындар аман қалар еді. Айта кетсек, сол оқиғадан 10 адам қаза тауып, тоғызы жараланды.
Жергілікті билік карантин ережелері адамдардың лапылдаған жалыннан қашуына кедергі жасағанын жоққа шығарып отыр. Қытайда үш күннен бері коронавирус жұқтыру оқиғалары рекорд жаңартып келеді. Жұма күні бұл инфекция 35 мыңнан астам адамнан табылған. Ал локдаундарға қарсы акциялар осыған дейін Чжэнчжоудан бастап Гуанчжоуға дейінгі аралықтағы қалаларда да өткен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12