Жетісу облысында қант зауытында модернизация жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында қант зауытында модернизация жұмыстары жүріп жатыр

24.11.2022

Жетісу облысында екі қант зауыты болса олардың бірінде модернизация жұмыстары жүріп жатыр. Президент тапсырмасымен өңірді тәтті аймаққа айналдыру мақсатында қандай жұмыстар қолға алынды?

Сайлауда жоғары белсенділік көрсеткен Жетісу облысы енді қант өндірісін қолға алмақ. Өңірде екі зауыт болса, соның біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Ал Ақсу қант зауытында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Келер жылдан бастап қант құрағынан өнім шығаруды бастайды. Зауыттың бағытын өзгертудегі тағы бір себеп - жергілікті шаруалар кәсіпорынның қуаттылығына сай мөлшердегі қант қызылшасымен қамтамасыз ете алмай отыр.

Ақсудағы зауыт биыл қант қызылшасын қабылдамады. Кәсіпорын жылына 300 мың тоннаға дейін тәтті түбір өңдей алады. Ал іргелес екі ауданды қосқанда биыл небәрі 20 мың тонна қант қызылшасы өсірілген.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Қазіргі таңда бұл кәсіпорында қантты қант құрағынан өндіретін қондырғыларды орнату жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал шикізаттың алғашқы келі келер жылдың ақпан айында келеді деп жоспарланып отыр. Ол кезде айына 10 мың тонна қант құрағынан шекер өндіретін болады.

Слесарь Ерназар Жүсіпов зауытта 1998 жылдан бері еңбек етіп келеді. Кәсіпорынның тоқырауда тоқтап қалған және қант өндірісі барынша қарқын алған сәттерінің де куәсі болды. Жаңа қондырғылар орнатылған соң зауыттың екінші тынысы ашылатынына сенімі мол.

Ерназар Жүсіпов, слесарь:

2018 бастап жаңадан бәрін қойды. Центрафугаларды, украинка немкаларды. Машиналардың бәрі жаңадан бәрі түгел. Валын шығарып жатырмыз. Түгел шығарамыз. Ескісі болса ауыстырамыз да жаңадан айырбастаймыз подшипниктерді.

Қазір зауытта 230 адам еңбек етеді. Шикізат келгенде олардың саны 500-ге дейін жетпек. Ал қант қызылшасының алқаптары көбейсе кәсіпорын жыл 12 ай тоқтамай қант өндіруге қауқарлы.

Самат Нәдірбаев, Қант зауытының бас директоры:

Заводтың қуаттылығына байланысты қазіргі күнге 120 мыңнан жоғары болу керек. 120 мың тоннадан жоғары болу керек. Зауыттың күш-қуаттылығы қызылшамен жұмыс істеуге дайын, торсникпен де жұмыс істеуге.

Былтырғы қуаңшылықтан кейін шаруалар тәуекелге бармай қант қызылшасы алқаптарын едәуір кемітіп жіберді. Бірақ 2025 жылға дейін 12 мың гектардан асыру межесі тұр.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу