Ел азаматтары машиналарын небәрі 200 мың теңге төлеп тіркей алады
Жердегі көліктерге қатысты да жаңалығымыз бар. Бұдан былай ел азаматтары машиналарын небәрі 200 мың теңге төлеп тіркей алады. Бұл тек көлікті бастапқы есепке қою үшін төленетін ақы. Оңтайлы мүмкіндікке ие болудың бір ғана шарты бар. Көлік 2022- жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген болуы керек. Заң жобасы арқылы 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға болады. Сондай-ақ, жергілікті бюджетті-- көлікке салынатын салықпен толтыруға септігін тигізеді. Сенатордың айтуынша, өзгерістер салық төлеушілерге, мемлекет мүддесіне, сондай-ақ ел экономикасына оң әсер етеді. Парламенттің жоғарғы палатасы заңды қабылдады.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Ал енді кейіннен алып келген көліктерге, әрине, қолданыстағы заңнамада көрсетілген тарифтер бойынша тіркеу төлемін төлеу керек. Кез келген көлікке бір рет тіркеу үшін осындай сомма керек. Тиісті 200 мың теңгедей төлем айқындалды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Отандық стартаптарға бағыт-бағдар беретін платформа
10.11.2025, 20:59
Димаштың Испаниядағы алғашқы концерті аншлагпен өтті
10.11.2025, 20:52
Зейнетақы жинағын ипотеканың мерзімін қысқарту үшін пайдалануға болады
10.11.2025, 20:33
Балалар үйіндегі өрт: Ғимарат 3 айда қайта қалпына келтіріледі
10.11.2025, 20:25
Елімізде 200 мыңнан астам адам IT саласында жұмыс істеп жатыр
10.11.2025, 20:23
«Сапасыз құрылыс» бабы бойынша тергеу басталды
10.11.2025, 20:18
«Терісащыбұлақ» су қоймасының тозығы жетіп тұр
10.11.2025, 20:15
Депрессияға түскендер демалысқа шыға алады
10.11.2025, 20:12