Qatar-2022: Бельгия құрамасы Канададан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qatar-2022: Бельгия құрамасы Канададан басым түсті

24.11.2022

Ахмед Бин Али стадионында биылғы мундиальдің фавориттерінің бірі саналатын Бельгия мен 36 жылдан кейін Әлем чемпионатына қайта оралған Канада құрамалары кездесті. 

Соңғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бельгия құрамасы топтық кезеңдегі бірінші ойынын Канадаға қарсы өткізді. 39 жастағы Атиба Хатчинсон бастаған жігіттер ойынды ширақ бастады. Бірнеше рет Тибо Куртуаның шеберлігін де сынады. Ойынның 8 минутында Канада құрамасының шабуылы кезінде доп қақпа алдында Янник Карросконың қолына тигенін байқаған төреші, Бельгия қақпасына пенальти беліледі.

Баварияның жас Қорғаушысы, Альфонсо Дэвис әч алғашқы голын соғатын тамаша мүмкіндікке ие болған еді, алайда Куртуа оған жол берген жоқ. Тибо Дэвистің соққысын тойтарып, есепті өзгеріссіз қалдырды. Матчтың 44 минутында Тоби Алдервейрелдтің пасынан кейін Миши Батшуаии қарсылас команда қақпасының кілтің тауып кетті. Бірінші таймның аяқталар тұсында Роберто Мартинес шәкірттері басымдыққа ие болды. Ойынның екінші бөлігінде қос құрама алма кезек шабуылдағанымен, гол соғудың сәті түспеді.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу