Qatar-2022: Португалия құрамасы Уругвайдан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qatar-2022: Португалия құрамасы Уругвайдан басым түсті

29.11.2022

Футболдан ӘЧ плей-офф кезеңіне шыққан командалардың қатарына Португалия құрамасы қосылды. Уругвай футболшыларына қарсы ойында Криштиану Роналду бастаған жігіттер айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Португалия құрамасы шабуылда алғашқы минуттардан бастап жиі ұйымдастырды. Роналду мен Жоау Фелиш жұбы Уругвай қорғаушыларын біраз әбігерге салды. Дегенмен бірінші таймда гол соғылмады. Ойынның екінші бөлігінде Рафаель Герейродан допты алған Бруну Фернандеш 54 минутта матчтағы алғашқы голдың авторы атанды. Уругвай есе қайтаруға тырысып, тайлы тұяғымен шабуылдаса да нәтиже шығара алмады. Төреші ойын соңында оңтүстік америкалық футболшының қақпа алдында қолмен ойнағанына байланысты Португалияның пайдасына пенальти белгіледі. Бұл жолы да Бруну Фернандеш қателеспеді. Ойын соңына дейін Уругвай гол соға алмай, бұл кездесуде жеңіліс тапты.

Жозе Мигель, жанкүйер:

Ойын өте жақсы. Португалияның жеңісіне сендім. Олар командалық ойынның нағыз үлгісін көрсетті. Жеңіске лайықты болды деп есептеймін. Португалияның топтық кезеңнен шыққанына қуаныштымын.

Н тобында басқа үш команданың да келесі кезеңге өтетін мүмкіндігі бар. Үшінші турда Гана мен Уругвай ойнаса, Оңтүстік Корея Португалиямен кездеседі.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу