Талғардағы мектептен мыңнан аса оқушы қауіпсіз жерге шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғардағы мектептен мыңнан аса оқушы қауіпсіз жерге шығарылды

24.11.2022

Алматы облысы Талғар қаласындағы № 3 мектепке жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарап, 1000-нан аса оқушы қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында 100-ге жуық мұғалім мен 25 техникалық қызметкер бар. Полицияның хабарлауынша, белгісіз біреу кезекші бөлімге қоңырау шалып, оқу ғимаратына бомба қойылғанын айтқан. Саперлар нысанды түгел тексеріп шыққан. Алайда ешқандай күмәнді зат таппаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалған хабарлама қалдырған адам іздестіріліп жатыр. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу