Өңірлерде 655 медициналық нысанның құрылысы басталды
Ауылға баратын медицина мамандарының кемінде 3 жылдық тәжірибесі болуы міндетті. Сонымен бірге, оларға 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы беріледі. Үкіметте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын таныстырған Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Бұдан бөлек, оқу бітірген резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін пилоттық жобаның пысықталып жатқанын айтты.
Асылбек Данияр, тілші:
Ауылдағы медицинаны дамыту үшін Ажар Ғиният елдің өңірлерінде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектілерінің құрылысы басталды, дейді. Кадр жетіспеушілігін жою үшін 61 колледж тартылған. Яғни оқу бітірген түлектердің жұмысы дайын деген сөз. Аталған жобаны жүзеге асыруға 217,7 миллиард теңге сұралған.
Асылбек Данияр, тілші:
Ал Ауыл шаруашылығы министрі егістік алқаптарға берілетін суды үнемдеу керек дейді. Сол мақсатта биыл күріш, мақта алқаптары бірнеше гектарға қысқарған. Бұл қысқарту жұмыстары 2025 жылға дейін жалғаспақ. Мақта бағасына байланысты туындаған проблема Үкімет отырысында да айтылды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақ бантик»: Түлектер желіде жаңа челлендж бастады
24.05.2026, 20:00
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
24.05.2026, 19:59
Арықтататын дәрілердің ағзаға зияны қандай?
24.05.2026, 19:56
Қытайда шахтадағы апаттан 90 адам қаза тапты
24.05.2026, 19:54
Мемлекет жалға беретін баспана мен жалға алу құнын субсидиялау: Шарттары қандай?
24.05.2026, 19:52
Жұмысшының еңбек құқығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?
24.05.2026, 19:51
Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
24.05.2026, 19:50
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08