Тәуелсіз байқаушылар сайлауға баға берді
«Сайлау қалыпты жағдайда өтті, қандай да бір құқық бұзу дерегі тіркелмеді». «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Құрылғанына бір жылдан асқан бірлестік мүшелері бірнеше саяси науқанға қатысып үлгерген. Ал кеше өңірдегі 505 сайлау учаскесінде 901 байқаушы таңнан кешке дейін жұмыс істеді. Оған қоса еріктілер БАҚ пен әлеуметтік желілерде сараптама жүргізген. Сайлаудың ашықтығы мен әділ өтуін бақылаған. Тәуелсіз байқаушылар сайлау біткен соң учаскелерде қалып, бюллетень санағына қатысып, хаттамалармен танысып, тиісті ақпараттарды жолдады.
Асхат Өкшебаев, «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы:
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сайлаушылар келіп, дауыс беріп, белсенділігін танытты. Біздің байқаушылар құрамы қоғамда белсенділік танытқан азаматтардың өздері өтініш беру арқылы іріктелді, тіркелді. Оларға 21 оқыту семинары қала мен аудандарда өткізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22