Елордалық қария биыл сайлауға 20-шы рет қатысып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық қария биыл сайлауға 20-шы рет қатысып тұр

20.11.2022

Бүгін Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіне 83 жастағы қария келді, ол сайлауға 20-шы рет қатысып тұр. Зейнеткер дауыс беруге жұбайымен бірге келді. Қария, биылғы сайлау ерекше өткенін атап өтті. Сондай-ақ комиссия мүшелері ерлі-зайыптыларға естелік ретінде сыйлық сыйлады.

Тұрмат Доспанов – қала тұрғыны:

Биылғы сайлау жақсы. Сайлау өте жақсы өтіп жатыр. Енді құдай қаласа болатын 7 жылда өзіміздің президентіміз өзін көрсету керек.

Тұрғангүл Доспанова – қала тұрғыны:

Жастар аман болсын. Осылар ғой алып кететін былай қарай. Жастар өркендесе тура жолға түсіп кете береді.


Хабарламаларға жазылу