Бүгін Ұлттық арна Ирландия-Швеция ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Ирландия-Швеция ойынын тікелей эфирде ұсынады

13.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Ирландия-Швеция ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін «Е» тобындағы командалар Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізеді. Бірінші матч Ирландия мен Швеция құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 21:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Ирландия құрамасы Еуропа чемпионатында биыл 3-ші рет бақ сынап жатыр. Соңғы рет 2012 жыл қатысып, топтан шыға алмаған болатын.

Ал, Швеция құрамасы Еуропа чемпионатына 6-шы рет қатысып жатыр. Соңғы рет 2012 жылы қатысып, Швеция да топтан шыға алмаған. Ал, ең үздік нәтижеге 1992 жылы қол жеткізген. Ол жылы 3-ші орын иеленген еді.

Ирландия-Швеция құрамалары бұған дейін 12 рет кездескен. Ирландия 3 рет жеңіп, 7 рет ұтылған болса, Швеция 7 рет ұтып, 3 жеңілген. Ал, 2 ойында тең нәтиже тіркелген.

Айта кетейік, Ирландия-Швеция матчының қайталауын ертең, 14 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 13:55-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу