Сайлау халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр - байқаушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр - байқаушы

20.11.2022

Президент сайлауы халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр. Түркі тілдес елдері Парламентттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары орталық коммуникация алаңындағы баспасөз конференциясында осылай деді. Ұйым атынан сайлауда байқаушы қызметін атқаруға бір топ делегация келген. Олардың жартысы Алматы қаласындағы саяси науқанды қадағалайды.

Ерол Кая, халықаралық байқаушы:

Таңғы жетіден бері 10 шақты ауданға барып, өз қызметімізді атқарып жатырмыз. Науқан ашық әрі әділ, халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр. Халықтың белсенді қатысуы таң қалдырды. Бұл ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Сайлаудың барысы жайлы нақты тұжырымымызбен ертең бөлісеміз. Қазақстан үшін қайырлы бастама болсын деген тілегімізді жеткізгім келеді.


Хабарламаларға жазылу