Шетелдік байқаушылар: Сайлау талапқа сай өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік байқаушылар: Сайлау талапқа сай өтіп жатыр

20.11.2022

Таңертеңнен бері сайлау учаскелерін аралап жүрген халықаралық бақылаушылардың пікірінше, дауыс беру талапқа сай өтті. Белсенділік жоғары деңгейде. Учаскелер өз уақытында ашылған. Шетелдік меймандар дауыс беру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы компьютерлер, пандустардың болуына да ерекше тоқталды. Волонтерлардың жүруі, дауыс беру процесінің жеңіл өтуіне жағдай жасайтыны да айтылды.   

Даворко Видович, Хорватиядан келген байқаушы:

Бірнеше дауыс беру учаскесін араладық. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдасқан. Қазақстандықтар дауыс беру өз болашағы үшін маңызды екенін түсінеді.

Казис Старкявичюсь, Литвадан келген байқаушы:

Біз аралаған учаскелерде заңбұзушылық тіркелген жоқ. Алғаш рет дауыс беруге барған жастардың қуанышына куә болдық. Отбасы мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауын жасап жатқандар да көп.



Хабарламаларға жазылу