Учаскелерде заңбұзушылық тіркелмеді: халықаралық байқаушылар
«Сайлау учаскелері талапқа сай, толық жағдай жасалған, әзірге заңбұзушылық жоқ!». Бұл дауыс беру барысын бақылап жүрген халықаралық байқаушылардың пікірі. №112 дауыс беру орталығына барған олар «азаматтардың белсенділігі жоғары, дауыс беру әділ әрі ашық өтіп жатыр» деп отыр. Естеріңізге салайық, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына шетелдерден 641 байқаушы қатысады.
Дилрабо Мансури, халықаралық байқаушы:
Таңертең ерте сайлау учаскелеріне бардық. Қазірге дейін барған 4 учаскеден байқағанымыз мерекелік көңіл-күй сезіледі. Әсіресе жастар көп. Барлығы халықаралық талапқа сай. Біздің миссиямыз сайлаушылардың құқықтары сақталуын қадағалау.
Дмитрий Кобицкий, халықаралық байқаушы:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 30 шақты мүшесі қазір Қазақстанда жүр. Біз өзіміздің жұмысымызды сайлау туралы жария етілген кезде бастап кеткенбіз. Электоральды процесті реттейтін заңдарды сараптап шықтық. Әзірге заң бұзушылықтар болған жоқ, Керісінше, сайлаушылардың белсенділігін көріп отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары: «Ақындар – асыл мұрамыз»
09.02.2026, 17:39
Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарысады
09.02.2026, 17:38
Үлгілі ауылындағы үлгілі әже жертөлесін музейге айналдырған
09.02.2026, 17:37
Түркістанда этнос өкілдері Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтты
09.02.2026, 17:34
Алтынемелде аң көбейіп келеді
09.02.2026, 17:32
БҚО-да алпыс жылқы арам өлді
09.02.2026, 17:30
Атырау облысында ірі қарадан жұқпалы ауру анықталды
09.02.2026, 17:27
Ақмола облысында ₸1 трлн инвестиция жобалары мақұлданды
09.02.2026, 17:24