ТМД байқаушылар миссиясы саяси науқанға дайындық барысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД байқаушылар миссиясы саяси науқанға дайындық барысымен танысты

30.12.2020

ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды дайындықпен танысып жатыр. Шетелдерден келген делегация учаскелерге барып, саяси науқанға қалай жабдықталғанын көріп қайтты. Байқаушылар 21 желтоқсаннан бері осында. Сол уақыттан бері тек мегаполистерге емес, ауыл-аймаққа барып, әзірлікті көріп жатыр. Штаб мүшелері эпиджағдай кезінде барлық санитарлық нормалардың сақталғанын айтып, қауіпсіздік халықаралық стандарттарға сай келетінін айтты. Атап айтсақ, Молдовадағы соңғы сайлау тура осындай деңгейде өткен. Жалпы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан Қазақстанға ұзақ мерзімге 20 байқаушы келген. Тағы 200 адам сайлау мерзімі жақындағанда келеді.  

Евгений Козяк, ТМД байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі: 
-Сайлау аяқталған соң, байқаушылардың бағасын алып, соңғы мәлімдемені қаңтардың 11-де жариялаймыз. Біздің миссия Қазақстанда осымен 14 - рет сайлауға қатысып отыр. Елдегі сайлаулар осы уақытқа дейін ешқандай ескертпесіз өтіп келді. Бұл жолы да солай болады деп ойлаймын.  

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу