Өзбекстандағы сайлау учаскесінде 600-дан аса қазақстандық тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандағы сайлау учаскесінде 600-дан аса қазақстандық тіркелген

20.11.2022

Өзбекстандағы сайлау учаскесінде 600-ден аса қазақстандық тіркелген. Бұл тек елшіліктің ресми тізімі. Одан бөлек турист отандастарымыз бен ем алуға келген азаматтар да жетерлік. Олар Ташкенттегі 267-ші сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. Жалпы Өзбекстанда тек бір сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сондықтан елшілікте 90-100 шақырым жердегі облыстардан келіп дауыс бергендер де болды.

Тимофей Емельянов, ескек есуден Ұлттық құрама капитаны:

Біз бүкіл құрамамен Ташмория су қоймасында оқу-жаттығудамыз. Өзбекстанға келгенімізге 45 күн болды. Бүгін Ташкенттен 90 шақырым жердегі Алмалықтан дауыс беру үшін арнайы келдік. Өйткені бұл біздің азаматтық борышымыз бен болашағымыз.

Қазақстанның Бухаресттегі Елшілігінде де қазақстандықтар сайлау науқанына қатысып, дауыс беріп жатыр. Нөмірі 299-шы сайлау учаскесі өз жұмысын таңнан бастаған. Мұнда барлығы 130 сайлаушы тіркелген. Румынияда тұратын қазақ азаматтары әрқашан сайлау кезінде белсенділіктерімен ерекшеленеді.


Хабарламаларға жазылу