Сайлау-2022: Шетелде дауыс беру қалай жүріп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2022: Шетелде дауыс беру қалай жүріп жатыр?

20.11.2022

Қазақстандықтар ең көп тұратын шет мемлекет Түркияда да отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Анкарадағы Қазақстан елшілігі және Стамбұл мен Анталия қалаларындағы консулдықтар ғимараттарында орналасқан сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты шамамен бір сағат бұрын ашылды. 

Айдос Әшімұлы, тілші:

Мен қазір Стамбұл қаласындағы бас консулдық ғимаратында орналасқан нөмірі 255-ші сайлау учаскесінде тұрмын. Бұл жерде дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы жетіде, яғни шамамен бір сағат бұрын басталды. Осы учаскеде дауыс беру үшін 300-ден аса қазақстандық тіркелген. Алдымен осында жұмыс істейтін дипломатиялық корпус өкілдері мен олардың отбасы мүшелері дауыс берді. Біраздан соң Ыстамбұлда жұмыс істейтін азаматтар мен осында оқитын студенттер де келе бастайды. Сонымен қатар Түркияға демалуға немесе іссапарға келген ел азаматтары да Стамбұл, Анкара және Анталия қалаларында орналасқан үш учаскенің біріне барып дауыс беруіне болады. Мен тұрған №255 сайлау учаскесінде осы уақытқа дейін ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.


Хабарламаларға жазылу