«Үздік педагог-2022»: Жеңімпаздар 3 миллион теңгеден қаржылай сыйақы алды
«Үздік педагог-2022» республикалық байқауының жеңімпаздары 3 млн теңгеден қаржылай сыйақы алды. Ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті. Биыл бұл атаққа бес жарым мың ұстаздың ішінен 64 маман лайық деп танылған. Үміткерлердің саны артуына байқаудың ашық және цифрлы түрде өтуі себеп болды дейді министр. Яғни, бұл жолы мұғалім қажетті құжаттарын өзі тапсырып, конкурс барысын арнайы портал арқылы бақылап отыруына мүмкіндік алды. Байқаудың республикалық кезеңінің қатысушылары ашық сабақтар өткізді және оны конкурс комиссиясы бағалады.
Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі:
Негізінен біз мұғалімдердің құжаттарына ғана сүйене тұра, тиісті видео сабақтарын қарай отыра шешім қабылдайтынбыз. Және де бұл цифрландыру болмағанда осы конкурсқа қатысатындардың саны да соншалықты көп болған жоқ. Өйткені әр мектеп, әр білім бөлімі өздері іріктеп алып, одан кейін жіберетін.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10