Елордада «Берел» ғылыми-зерттеу қорының ашылуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Берел» ғылыми-зерттеу қорының ашылуы өтті

18.11.2022

Елордада профессор Зейнолла Самашевтың 75 жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шара өтті. Жиын әуелі Шығыс Қазақстан өңірінен табылған археологиялық жәдігерлерге арналған «Берел» ғылыми-зерттеу қорының ашылуымен басталды. Онда профессордың жетекшілік еткен археологиялық экспедицияның сақ қорғандарынан тапқан бірегей артефактілері жинақталған. Келген меймандарға қорға енген 2 мыңнан астам археологиялық жәдігерлер арасында алтын бұйымдар мен әшекейлер, ат әбзелдері мен қару-жарақ түрлері таныстырылды. Сондай-ақ аталған іс-шара көрмемен жалғасып, тарихшы-археологтардың қатысумен өткен дөңгелек үстелмен түйінделді. Бүгінде ғалым Зейнолла Самашевтың археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер Ұлттық музейдің экспозицияларын толықтырып тұр.

Зейнолла Самашев, археолог, тарихшы ғалым:

Бұл енді біздің еліміздгеі алғашқы оқиғалардың бірі.Яғни, бір жерден шыққан археологиялық заттардың барлығы арнаулы бір жерге жиналады да, сол жерде ғылыми жұмыстарын жүргізу, студенттерді әкеліп оларға көрсетуге ыңғайлы болады.


Хабарламаларға жазылу