Қатар стадиондарын ыстықтан қорғау өзекті мәселеге айналып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар стадиондарын ыстықтан қорғау өзекті мәселеге айналып отыр

17.11.2022

Қар жауып тұрса да мың адам жиналған ғимараттың іші бәрібір ысып кететіні хақ. Өйткені, бір кісі екі ноутбуктың қызуын бөледі. Ал, Қатарда қарашаға қарамастан күн күйіп тұр. Мұнда чемпионат кезінде стадионға 40 мың адам кірсе не болады? Бұл сауалдың жауабын Қатар университетінің механикалық инженерия профессоры Сауд Ғани немесе «доктор Салқын» біледі. Оның ойынша, футбол тәрізді бұқаралық ойынға тәулік бойы жағдай жасалуы керек.

Сауд Ғани, Қатар университетінің профессоры:

Футбол - әдемі ойын және ол баршаға арналған. Сондықтан, ауа-райы қандай болса да, матчтардың аптаның әр күнінде өтуіне ешқандай кедергі болмауы керек.

Ғалым Ғанидің идеясы бойынша, трибунадағы әр орындықтың астынан жел соғып тұрғаны абзал. Бұл – «дәлдеп салқындату» технологиясы деп атады. Оған сәйкес, кондиционер тек адам бар жерде ғана жұмыс істейді. Тағы бір айта кететін жайт, мінбердегі сан мың тор көз стадионға өзі берген ауаны қайта тартып алып, салқындатып, фильтірден өткізіп, үздіксіз сыртқа шығарып отырады.

Сауд Ғани, Қатар университетінің профессоры:

Сонымен, менде бір шатырдың астында 40 000 адам бар делік: олар қуанады, секіреді, ойыннан рахаттанады. Әрқайсы жылу бөледі. Шамамен 80 мың ноутбуктың жылуын. Осыны ескерсек, мұнша көрерменді 4 сағат бойы желдеткішсіз қалдыра алмаймыз ғой.

Араб түбегінің аптап шөлінде орналасқан Қатар – әлемдегі ең ірі табиғи газ өндірушілердің бірі. Соған қарамастан, «Доктор салқын» ойлап тапқан желдеткіш жүйесі энергияны күннен алады. Өйткені, осыдан 11 жыл бұрын жаһандық чемпионатты ұйымдастыру құқығын жеңіп алып тұрып, бұл әмірлік алдағы матчтарды экологияға зияны жоқ, жасыл энергиямен өткізуге уәде берген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу