Үндістанда коронавирустың «Дельта плюс» варианты тарап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда коронавирустың «Дельта плюс» варианты тарап жатыр

23.06.2021

АҚШ президенті Джо Байден тәуелсіздік күні – шілденің 4-не дейін ересек америкалықтардың 70 пайызы вакцина алуы қажет деген еді. Алайда, бұл жоспар жүзеге аспауы мүмкін. Бұл елге коронавирустың жылдам жұғатын «дельта штаммы» қауіп төндіріп тұр. Бұған қоса, 18-ден 26 жасқа дейінгілердің бір бөлігі «ковидті» өздеріне қатысы жоқ инфекция санап, оған қарсы екпе салдыруға құлықсыздық танытып отыр.

Қауіпті індеттің «дельта» нұсқасы Үндістанда пайда болып, әлемнің 90-нан астам еліне тарап үлгерді. Сонымен қатар, қазір Үндістанды «дельта плюс» деген вариант алаңдатып отыр. Бұл штамм үш штатта 20-ға жуық адамнан анықталған.

Үндістанда коронавирус жұқтыру оқиғалары осы айда айтарлықтай азайды. Алайда, «дельта плюс» те тез тарайтындықтан мұнда халықты вакциналау науқанын жеделдету өзекті мәселеге айналып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу