Қызылорда облысында мал ұрлығы азаяр емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында мал ұрлығы азаяр емес

24.05.2016
Қызылорда облысында мал ұрлығы азаяр емес
Аймақта соңғы үш жылда мал ұрлығына қатысты 2202 дерек тіркелген.

Қызылорда облысында соңғы үш жылда мал ұрлығына қатысты 2202 дерек тіркелген. Осы өзекті мәселеге байланысты жергілікті билік пен құқық қорғау құрылымдарынан барымташыларға қарсы бірлесіп күресетін жұмысшы топ құрылды.

Ең бірінші кезекте, иесіз өрісте жайылған малдар ұрылардың оңай олжасына айналуда. Сондай-ақ, төрт түліктің нақты есебі мен арнайы таңбасының болмауы да жағдайды бақылауда ұстауға қиындық туғызып отыр.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу