ОСК: ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру 9 мың 840 сайлау учаскесінде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК: ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру 9 мың 840 сайлау учаскесінде өтеді

09.03.2016
ОСК: ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру 9 мың 840 сайлау учаскесінде өтеді

Бұл туралы бүгін  Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) шетелдегі сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне қатысты брифинг өткізген ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

Оның деректерінше, дауыс беру күні Қазақстаннан тыс жерде болатын азаматтар да өздерінің сайлауға қатысу құқығын пайдалана алады. Ол үшін шет мемлекеттердегі  Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында Сыртқы істер министрлігінің аумағындағы сайлау округіне қатысты сайлау учаскелері құрылады.

2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша түрлі шет мемлекеттердегі консулдық есепке Қазақстан Республикасының 14 мыңнан астам азаматы қойылған.

«51 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында 65 сайлау учаскесі құрылды, 25 учаске Азия елдерінде, 4-уі Оңтүстік және Солтүстік Америкада, 1-уі Африкада, 20 учаске Еуропада, 15-і ТМД-да орналасқан. Шетелдік учаскелерде Қазақстан Республикасының азаматтары партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда ғана дауыс бере алады»,-деді В.Фоос.  

Хабарламаларға жазылу