ОСК мүшелері ТүркПА байқаушылар миссиясымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК мүшелері ТүркПА байқаушылар миссиясымен кездесті

17.11.2022

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Түрік мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының сайлауды байқауға келген өкілдерімен кездесті. Сайлау комиссиясының төрағасы миссия мүшелеріне қазір үміткерлер үгіт-насихат жасап жатқанын айтып, саяси науқанның кезеңдері туралы ақпарат берді. Әрі халықаралық байқаушыларды тіркеу қорытындысын таныстырды. Ал ТүркПА төрағасы сайлаудың ашық әрі таза өтетініне сенім білдірді.

Эрол Кая, ТүркПа құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы:

ТүркПА делегациясы құрамында Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия депутаттары бар. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаудың заңға сай, әділетті өтетіні туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымының байқаушылар миссиясының мүшелерімен де кездесу өтті. Оларға да сайлауды ұйымдастыру жұмыстары таныстырылды. Жалпы, осы жексенбі өтетін Президент сайлауына 10 халықаралық ұйым мен 35 мемлекеттен 600-ден астам байқаушы тіркелген.


Хабарламаларға жазылу