Ақмола облысындағы 38 елдімекенде медициналық мекемелер салынады
Ақмола облысында алдағы екі жылда 38 елдімекенде медициналық мекемелер салынады. Бұл туралы аймаққа барған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Жалпы республика бойынша 655 ауылда медицина нысандары бой көтермек. Ақмола облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінің 70 пайызы тозған. Сондықтан жергілікті атқарушы билік мәселені шешуге мән беру қажет. Сондай-ақ, облысқа 258 дәрігер керек. Бұл мәселелерді «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында біртіндеп шешу көзделген.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Республика бойынша 493 елдімекенде денсаулық сақтау мекемесі мүлдем жоқ. Ақмола облысында ондай ауылдар саны - 60. Сондықтан өңірде алдағы екі жылда 14 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3 медициналық бөлімше салынбақ. Екі аудандық аурухана ауданаралық көпбейінді болып өзгереді. Олар Атбасар мен Бұландыда болмақ.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды
12.05.2026, 20:59
Дәрігерлер орфан ауруын кешіктірмей анықтауға ден қойып отыр
12.05.2026, 20:57
Республикалық құмай тазылар жарысы өтті
12.05.2026, 20:53
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 20:52
Жаңа Конституцияға «Миранда қағидасы» енгізілді
12.05.2026, 20:50
Алдағы демалыс күндері LRT іске қосылады
12.05.2026, 20:15
Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған
12.05.2026, 20:13
Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 20:10