650 ауылға медициналық мекеме салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

650 ауылға медициналық мекеме салынады

01.09.2022

Алдағы екі жылда 650 ауылдық елдімекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік пунктер салынып, толық жарақтандырылады. Бұл ауыл тұрғындарына арналған мемлекеттік жоба аясында қолға алынбақ. Президент бүгінгі Жолдауында осылай деді. Ұлттық жоба арқылы 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік бермек.


Хабарламаларға жазылу