Басты Жаңалықтар Жамбылда 600 млн теңге салық төлемеген кәсіпкер сотталды

Жамбылда 600 млн теңге салық төлемеген кәсіпкер сотталды

Жамбылда салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 4 жылға сотталды.

«АНК-Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры 600 млн теңгеге жуық соманы бюджетке төлемеген.

Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, салықтан жалтару фактісі бойынша тергеу жүргізілді. Нәтижесінде сот үкімімен серіктестік басшысы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрдос Сембекұлы


Бөлісу