АҚШ-та демократтар Сенаттағы бақылауын сақтап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та демократтар Сенаттағы бақылауын сақтап қалды

14.11.2022

Конгрестің жоғарғы палатасы демократтардың бақылауында қалатын болды. Аралық сайлаудың нәтидесі бойынша осы кезге дейін Сенаттағы 100 орынның тең жартысын Демократиялық партия иеленіп үлгерді. Ал, республикашылдар бір дауыс кем жинады. Енді бәсекелестер Джорджия штатындағы бір орынға таласады. Бұл жерде екінші тур желтоқсанның алтысы күні өтеді. Оның нәтижесі қалай болса да президент Байденнің жақтастары Сенатта ықпалын сақтап қалмақ. Ал, конгрестің өкілдер палатасында қай партия көп орын иеленері әзірге белгісіз. Дауыс санау процесі әлі жүріп жатыр. Қазіргі кезде

ешбір партия өздеріне басымдық беретін 218 орынға қол жеткізген жоқ. Десе де 214 мандатты иеленген Республикалық партия алда келеді. Ал, демократтар әзірге 204 орынға қол жеткізді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу