АҚШ-та Конгресс сайлауында демократтар алға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Конгресс сайлауында демократтар алға шықты

07.11.2018

АҚШ-та өтіп жатқан аралық сайлауда демократтар 23 мандат артық жинап, Конгресстің төменгі палатасын бақылауға алуға жақын. Олар соңғы сегіз жылда алғаш рет басымдық байқатып отыр. Егер бұл партия жеңсе, президент Дональд Трампқа жоспарлары мен бастамаларын Конгресстен өткізу оңай болмайды. Өйткені, Ақ үй басшысының ұсыныстарын заңға айналдыру үшін екі палатаның да қолдауы қажет.

Дегенмен, демократтар Сенатта үш орын жоғалтты. Сондықтан, жоғарғы палата республикалықтардың қолында қалатын тәрізді.

Айта кетсек, осыған дейін АҚШ Конгресі түгелдей Республикалық партияның бақылауында болды.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу