Абай облысындағы Курчатов қаласында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы Курчатов қаласында жарылыс болды

12.11.2022

Абай облысында бүгін төтенше жағдай тіркелді.

Курчатов қаласында дәмханада тұрған газ баллоны жарылған. Бұл жағдай шағын базар аумағында болған. Ғимарат ішінде газ баллоны жарылғанымен, өрт шыққан жоқ.

Әлеуметтік желіде жарылыс болған орыннан видео тарады. Екінші қабаттағы терезелердің шынысы ұшып кетіп, жиһаз бен техника зақымданды. Жарылыс кезінде бір адам белінен жарақат алды. Оған сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Ер адам үйіне жіберілді.


Хабарламаларға жазылу