ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті

17.03.2017

ТМД мемлекеттері термоядролық синтезге арналған «Токамак» деп аталатын қазақстандық қондырғыны бірлесіп пайдаланатын болды. Курчатов қаласында орналасқан бұл ғылыми-тәжірибелік кешеннің бүкіл әлем бойынша теңдесі жоқ.

Мұндай шешім Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы экономикалық кеңесінің кезекті отырысында қабылданды.

Басқосуда тараптар экономика саласына қатысты бірқатар ортақ мәселелерді талқыға салды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу