Қатар астанасы Доһаның халықаралық әуежайы Әлемдік футбол чемпионаты қарсаңында кеңейтіліп, онда алып тропикалық бақ пайда болды.
Осы авиациялық порттың басшысы Акбар әл-Бакердің айтуынша, бұл – әлемде теңдесі жоқ жеміс-жидек бағы.
Доха әуежайы бір кездері 40 миллион адам қабылдауға шақталып салынған еді. Енді ол 58 миллион жолаушыға қызмет көрсетете алатындай үлкейтіліп отыр.
Қатарға тікелей әуе рейстері ашылады
Қатардағы дүбірлі доп додасы қарашаның 20-да басталып, желтоқсанның 18-дейін жалғасады. Жарыс кезінде бұл мемлекет пен тіпті Израиль арасында тікелей әуе рейстері ашылатыны мәлім болды.Екі ел арасында әлі дипломатиялық байланыс жоқ. Соған қарамастан, тараптар израилдік және палестиналық фанаттар үшін авиациялық сапарларды уақытша қалпына келтіруге уағдаласқан.
Арыстан Рысбек