Қаңтар оқиғасы: Жетісу облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Жетісу облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды

11.11.2022

Жетісу облысының Текелі қаласында полицейлер қару-жарақ жасырылған орынды анықтады.

Экстримизге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірлескен операциясынла ол жерден «Макараов» тапаншасын оқтары мен оқ өткізбейтін қорғаныс құралын және радиостанция тауып, сараптамаға жіберді. Алдын ала болжам бойынша, бұл қару мен заттар Қаңтар оқиғасында қолды болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, өңірдегі тәртіп сақшылары «құқықтық тәртіп» айлығы аясында үйде заңсыз қару сақтаудың үш жағдайын анықтап, тергеп-тексеруді бастап кетті.


Қ. Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу