Ақтөбе облысында жол апатынан төрт бала жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт бала жарақат алды

10.11.2022

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт бала жарақат алды. 

«Кеңқияқ-Шұбаршы» автожолында «Камаз» автокөлігінің жүргізушісі негізгі жолға шығар тұста «Ларгус» маркалы көлікпен соқтығысқан. Салдарынан «Ларгус» автокөлігінің 5 жолаушысы зардап шекті. Оның төртеуі кәмелет жасына толмаған. Қазір оларға дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу