Келер жылы республикалық бюджет түсімдері 37 пайызға артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы республикалық бюджет түсімдері 37 пайызға артады

10.11.2022

Келер жылы республикалық бюджет түсімдері 37 пайызға артады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы жайында баяндаған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттің кірістері 2023 жылы биылғы нақтыланған жоспардан 37 пайызға өседі. Ал сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, сенатор Серікбай Тұрымов, «ең алдымен, қазіргі кездегі бюджетаралық қолданыстағы әдістеме өңірлердің әлеуметтік-экономикалық параметрлерін нақты теңестіруді қамтамасыз ету мақсатында одан әрі жетілдіруді талап етеді»,- дейді. 

Өйткені өңірлердің әлеуметтік-экономикалық параметрлерінде алшақтық бар.

Серікбай Тұрымов, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Алдағы үш жылдық бюджетте экономиканың нақты секторларына жұмсалатын шығандар 2 млрд 400 мың теңгеден 1 трлн 700 млрд теңгеге дейін қысқаратынын ескерсек, мемлекеттік қорлдауды қажет ететін стратегиялық бағыттардың мақсаттары мен түкпірлікті нәтижеге жетудің ықтималдығы қаншалықты деген сұрақ туындайды. Бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, нақты секторларды қаржыландырудың басқа да көздерін қарастыру қажет.

Хабарламаларға жазылу