Баскетболдан Ұлттық құрама дайындықты пысықтап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баскетболдан Ұлттық құрама дайындықты пысықтап жатыр

08.11.2022

Баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы 2023 жылғы Әлем кубогына жолдама үшін күреске дайындалып жатыр. Алда іріктеу кезеңінің екінші турының ойындары бар. Жерлестеріміз 11 қараша күні Австралия, ал 14 қараша күні Жапония командаларымен кездеседі.

Егер бұл ойындардың біреуін жеңсе, Ұлттық құрама Әлем кубогына жолдама алады. Матчтар елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Сондықтан жігіттер осы алаңда дайындықтарын пысықтап жатыр.

Олег Киселев, Ұлттық құраманың бас бапкері:

Австралия өте мықты құрамалардың бірі. Олар қосалқы құраммен келсе де, ешкімге оңай соқпайды. Ал Жапониямен ойнау өте ыңғайсыз. Бұл команда да басты жұлдыздарын әкелмейтін шығар. Өйткені маңызды жарыстардың алдында жаңа ойыншыларын сынап көруі керек. Бірақ, біз қандай қарсылас болса да, барымызды саламыз.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу