Жетісу облысында игерілмей жатқан 37 мың гектар жер қайтарылды
Жетісу облысының Алакөл ауданында игерілмей жатқан 37 мың гектар жер анықталды. Ауыл шаруашылығынан бөлек Алакөл жағалауында да пайдаланылмай жатқан жерлер бар. Мәселен Ақши және Достық елді-мекендерінде комерциялық мақсатта алынған 2600 гектар жер игерілмеген.
Аудандық прокуратура тарапынан 35 тұлғаға хаттама жолданды. Аудан бойынша 900 гектар жер қайтарылып, ел игілігіне берілді. Құзырлы орган алдағы уақытта да пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтауды жоспарлап отыр. Жалпы Жетісу облысы бойынша 100 мың гектардан астам жер игерілмеген.
Ерлан Қасымбаев, Алакөл ауданының прокуроры:
Жер басқармасына ұсындық, әкімшіліктерге ұсынылды. Ол бойынша жер комитеттері тексеруді бастады. Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарымдар еңгізіліп, оларға уақыт беріліп, уақыт өткеннен кейін жерді қайтару бойынша мәселелер шешіледі деп ойлаймыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10