Ресей армиясы Украинаның Донецк облысында үлкен шығынға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей армиясы Украинаның Донецк облысында үлкен шығынға ұшырады

07.11.2022

Ресей армиясы Украинаның Донецк облысында үлкен шығынға ұшырады. Мұны президент Владимир Зеленский мәлімдеп отыр. Ал Кремльге жақтас әскери блогерлердің сөзінше, ресейліктер осы аймақта орналасқан Павловка ауылы үшін шайқаста көп адам жоғалтқан.

Олар бұл сәтсіздікке қате ұйымдастырылған қарымта шабуыл себепші дейді. Киев мэрі Виталий Кличко болса, жергілікті телеарналардың біріне берген сұқбатында қаланың толықтай жарықсыз, сусыз, жылусыз қалуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарға жаппай көшуге дайын болуға кеңес берді.

Айта кетсек, соңғы апталарда Украина астанасы мен облыстарының энергия және су инфрақұрылымы бірнеше рет Ресейдің зымырандық, дрондық шабуылына ұшырады. Ал Ресей ақпарат агенттіктері Украина қарулы күштерінің Херсон облысындағы Жаңа Каховка су электр станциясына шабуыл жасағанын хабарлады.

Киев болса, ел армиясының 200-дей ресейлік жиналған ғимаратқа ғана соққы бергенін жариялап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу