Мәншүк Мәметоваға қатысты тарихи заттардың барлығы Орал қаласындағы батыр атындағы мемориалдық мұражай үйінде сақталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәншүк Мәметоваға қатысты тарихи заттардың барлығы Орал қаласындағы батыр атындағы мемориалдық мұражай үйінде сақталған

19.05.2015
Мәншүк Мәметоваға қатысты тарихи заттардың барлығы Орал қаласындағы батыр атындағы мемориалдық мұражай үйінде сақталған

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қатысты құнды деректер мен тарихи заттардың барлығы Орал қаласында орналасқан  батыр атындағы мемориалдық мұражай үйінде сақталған. Музей 1982 жылы мемлекеттің тікелей қолдауымен қалыптаса бастады.

Тарихи орын ашылмас бұрын 1980 жылы Мәншүктің анасы Әмина Сүлейменованың өзі арнайы келіп, үйді көріп, бөлме интерьерін жасауға кеңес беріпті. Ол кісі музейдегі біраз құнды жәдігерлерді де өз қолымен тапсырған. Мәметовтер отбасы бұл үйде 1932-1934 жылдар аралығында тұрған.

Мәншүк бала кезінен-ақ, қайсар болып өседі. Ер балалардың батылы жетпейтін  әрекеттерге де барады. Оған дәлел 1934 жылы Орда жерінде өткен бәйге жарысы. Тайды жастайынан тақымдаған Мәншүк анасынан жалынып сұранып, осы бәйгеге шабады. Батыл қыз сол жарыста бәйгенің алды болып келеді.

«Қазақ қоғамында бәйгеге тек ер балалардың қатысқаны белгілі. Бірақ, 12 жастағы Мәншүктің батылдығы мен өжеттілігіне  риза болған ауыл ақсақалдары:«Сен дүниеге қыз бала болып келсең де, ердің жолын қуатын ерге теңсің»,-деп қамшы сыйға тартқан»,-дейді Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражай қызметкері  Елдар Қайырғалиұлы.

Батыр қыз ұрыс даласына барып, қаншама қасірет пен қанды көрсе де,  еш тайсалмады. Мәншүктің ерлігі турасында майдан газеттері жарыса жазып жатты.

1944 жылы «Кутузовец» газетіне капитан Рыжевтің  «Героическая дочь казахского народа» атты мақаласы шығады.  Бұл – Мәншүк туралы ең алғашқы мақала еді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу