Шағын және орта бизнеске мораторий тағы бір жылға ұзарды
Шағын және орта бизнеске мораторий тағы бір жылға ұзарды. 2024 жылға дейін бизнес субъектілерін ешкім жөн-жосықсыз тексере алмайды. Бұл жайында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Х съезінде Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Бүгін съездің екінші күні. Кәсіпті тежеп тұрған түйткілдер міне әлі талқыланып жатыр. Нарықта баға тұрақталар емес. Тауардың бәрі қымбаттап жатыр. Ал Үкімет ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидия бөлініп жатқанын айтады. Бірақ мұнымен ҰКП келіспей отыр. Өйткені мемлекеттік мекемелер уәделі көмек қаржыны толықтай бөле алмайды дейді. Бұл бағаны өсіруге алып келеді. Осы сұрақ съезде алдымен талқыланды. Оның үстіне салықтағы былық саланы дамытуға кедергі. Салық кодексінде 700-ден аса бап бар. Ал шетелдерде ол жүзге де жетпейді. Әрі мәтіні түсініксіз, баптар бір-біріне қарама-қайшы дейді бизнес өкілдері. Мұны реттемесе болмайды. Қазір жаңа құжат жазылып жатыр. Ал кәсіпкерлерге қойылған талаптың 6000-ға жуығы сай емес. Оның барлығы жойылады. Әрі сьезд отырысында шағын және орта кәсіпті тексеруге арналған мораторий тағы бір жылға ұзартылатыны мәлім болды. Сонымен қатар енді мемлекеттік органдар нормативтік-қүқықтық актілердің кез-келгенін қабылдамас бұрын Атамекен палатасымен келісуге міндетті. Бұл талап қазір де бар. Бірақ бұған жауаптылар үстіртін қараған. Бұдан былай оған жол берілмейді деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Өз жерінің елшісі»: Руханият форумы өтті
26.05.2026, 20:59
«Almaty Superski» тау курортын салу жобасы қолдау тапты
26.05.2026, 20:56
Вице-премьер «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа медиаорталығын аралады
26.05.2026, 20:54
Аида Балаева «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының заманауи медиакешенімен танысты
26.05.2026, 20:22
Тегін дәрі-дәрмек беру тәртібі өзгереді
26.05.2026, 20:09
Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат сынақтан сәтті өтті
26.05.2026, 20:07
Биыл жатақхана мәселесі толық шешілмек
26.05.2026, 20:06
Еуропаға 103 жылда болмаған аптап ыстық жетті
26.05.2026, 20:05