Эфиопияда екі жылға созылған азаматтық соғыс аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эфиопияда екі жылға созылған азаматтық соғыс аяқталуға жақын

03.11.2022

Эфиопияда екі жылға созылған азаматтық соғыс аяқталуға жақын. Қақтығысушы тараптар ымыраға келген. Бейбіт келісім аясында қарусыздану және гуманитарлық көмекті кедергісіз беру жоспары мақұлданды.

Эфиопияның федералдық үкіметі мен оған қарсы Тыграй ұлт-азаттық майданы арасындағы соғыс 2020 жылы күзде басталды. Реформа жолын ұстанатын президент Абий Ахмедке елді 27 жыл бойы басқарған элита күштері қарсы шыққан.

Азаматтық соғыста мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тауып, миллиондаған адам босқынға айналды.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу