Донорлар сириялық босқындарға көмекке 6,4 млрд доллар жинамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Донорлар сириялық босқындарға көмекке 6,4 млрд доллар жинамақ

31.03.2021

Халықаралық донорлар сириялық босқындарға гуманитарлық көмек көрсетуге 6,4 милллиард доллар бөлуге келісті. Мұны Брюссель конференциясында Еуропа одағының Дағдарыс менеджменті жөніндегі комиссары Янез Ленарчич мәлімдеді. Оның дерегінше, Сирияның өз ішіндегі босқындарға 4,2 миллиард, шетелге қашқандарына жәрдемге 5,8 миллиард доллар қажет екен.

Айта кетсек, бұл елде 10 жылға созылған азаматтық соғыс кесірінен Ливанға, Түркиға, Иорданиға және Еуропа мемлекеттеріне миллиондаған адам қашты. Пандемия мен экономикалық дағдарыс салдарынан олардың жағдайы бүгінде тіпті нашарлап барады.

Арыстан Рысбек 

Хабарламаларға жазылу