РФ: Сирияда әскери операциялар аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

РФ: Сирияда әскери операциялар аяқталуға жақын

17.10.2017

Сирияда әскери операциялар аяқталуға жақын. Мұны Тель-Авивке сапарында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

Қыркүйектің соңында Анкарада президент Владимир Путин де бұл жанжалды тәмамдауға жағдай туындағанын айтқан-ды.

Сонымен қатар, Ресей бас штабының мәліметінше, Араб Республикасында азаматтық соғыс іс жүзінде тоқтады деуге болады. Ресей әскерилерінің ойынша, Сириядағы жағдайдың жақсаруына мамырда Астанада қол қойылған меморандум себеп болды.

Ал, АҚШ-қа арқа сүйеген Сирия демократиялық күштері «ДАИШ»-тың іс жүзіндегі астанасы Ракканы алуға таяп қалды. Қазір онда шешуші ұрыс жүріп жатыр және де «ДАИШ»-тың бірталай мүшесі қаруын тастап, қарсыластарының қолына өз еркімен берілген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу