Петропавлда студенттерге арналған 280 орындық жатақхана пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда студенттерге арналған 280 орындық жатақхана пайдалануға берілді

06.05.2019

Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі күні 330 адамға арналған тағы біреуінің құрылысы жүріп жатыр, 1 қыркүйекке дейін пайдалануға берілмек. Бұдан басқа жыл соңына дейін, тағы екі жатақхана тұрғызу жоспарда бар.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 3158 студент басқа қалалардан келіп оқиды. Барлығына жатақханадан бөлме беруге мүмкіндік жоқ. Қазірдің өзінде 1000 шақты студент пәтер жағалап жүр. Ал жаңадан салынған жатақхана осы мәселені шешуге сеп болмақ.

Сымбат Сейітқасымова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

- Жатақханада барлық жағдай жасалған. Бәрімізді жатақханамен қамтыды. Маған ұнайды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу