Қазақстандық «Forte trio» триосы Бразилияда өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық «Forte trio» триосы Бразилияда өнер көрсетті

31.10.2022

Қазақ музыканттары талантымен бразилиялықтарды тәнтті етті. «FORTE TRIO» мемлекеттік триосының Бразилияға гастрольдік сапары сәтті аяқталды. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»мемлекеттік концерттік ұйымына қарасты ансамбль мүшелері екі апта ішінде Бразилияның бірнеше қаласында өнер көрсетті. Музыканттар шетелдіктерді ұлттық құндылықтар көрініс тапқан «Япурай», «Көроғлы» шығармаларымен таныстырды. Сондай-ақ, Моцарт, Бетховен мен Мендельсонның үздік туындыларын шебер орындады. Отандық әртістер әр концертте Оңтүстік Америка халқының ыстық ықыласына бөленді.

Кристиан, көрермен:

Керемет кеш, ғажап концерт болды. Қазақ музыкасын тыңдап, рахатқа бөлендік. Трионың талантына талас жоқ.

Алоизио Тейшейра, Қазақстанның Бразилиядағы құрметті консулы:

Әртістердің кәсіби шеберлігіне тәнті болдым. Классикалық музыка жанымды тебірентті. Бұл концерт Қазақстан мен Бразилия қатынасын онан сайын бекіте түседі деген сенімдемін.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу